Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер қала шетіндегі орман алқабынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты  

3 тамыз күні кешкі уақытта облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел басқарма қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала шетіндегі орман алқабынан жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға орнынан жедел-тергеу тобы қызметкерлері “Байкал” маркалы тегіс ұңғылы мылтық, “Соваж” маркалы қос ұңғылы карабин, 12 калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ-21 тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, әртүрлі калибрлі 188 бірлік оқ-дәрілер және ішінде 1440 патроны бар мөрленген мырыш қорап тәркіледі.

Қазіргі уақытта тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілерге тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру