Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық алаяқ тұрғынның ақшасын алдап иемденген

Қарағанды қаласында тұрғынды алдап, ақшасын иемденіп кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс ПБ кезекші бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны келіп жүгінеді. Оның айтуынша, жақсы танысы емес ер адам екеуі бассейннің үлдірін сатып алу және ауыстыру бойынша ауызша келісім жасасып, оның талабы бойынша алдын ала 297 500 теңге төлем жасап қойған.

Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс ПБ полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабымен “Алаяқтық” қарастырылған осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің тұрғылықты мекен-жайы болмай, сауналар мен бассейндерге қызмет көрсету бойынша мекемеге жұмысқа тұрғаны анықталған. Кейін сауналар мен бассейндерге қызмет көрсету бойынша оған жүгінген адамды алдау ниетімен алдын ала 297 500 теңге сомасында ақшалай қаражаттарды алып, өзінің керек жарақтарына жұмсаған, сонымен алаяқтық қылмысын жасаған.

Бүгінгі күні қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру