Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық жедел уәкілдер құны 24 млрд теңге болатын есірткі заттарын тəркіледі

Қарағандылық жедел уәкілдер құны 24 миллиард теңге болатын ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасымен жүргізілген арнайы операциялар барысында синтетикалық есірткі заттарын дайындап, кейін сататын төрт есірткі зертханасы анықталды. Оның екеуі Қарағанды облысында болса, біреуі Ақмола облысында, тағы біреуі Павлодар қаласында анықталды.

31 наурыз күні Ақмола облысында қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ұсталды. 30 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны аталған өңірден үй сатып алып, оның ішін ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын жасайтын құрал-жабдықтармен толтырып, кейін жасалған есірткіні басқа да өңірлерге сатпақ болған. Санкцияланған тінту жүргізу барысында ұсталған азаматтан үш килограммнан астам дайын “мефедрон” есірткі заты және 35 литр сұйық “мефедрон” есірткі заты, сондай-ақ үш мың литр сұйық, шамамен 50 килограмм жаппай прекурсорлар алынды.

“Бұған дейін полиция қызметкерлерімен қылмыстық әрекеттерін Қарағанды облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалаларында жасап отырған ұйымдасқан қылмыстық топтың белді мүшелері – 32 жастағы Алматы, 35 жастағы Ақмола облысының және 21 жастағы Павлодар қалаларының тұрғындары ұсталған болатын”, – деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығы Ерлан Файзуллин.

Айта кету керек, топтың заңсыз іс-қимылынан айналымнан өткізуге дайындап қойған 100 мың бір реттік дозаға тең, қара базардағы құны шамамен 1 миллиард 600 миллион теңге болатын 50 килограммнан астам есірткі заты тәркіленді. Ал тәркіленген прекурсорлардан, сарапшылардың айтуынша, қылмыскерлер қара базардағы құны 24 миллиард теңге болатын бір жарым миллион доза есірткі жасайтын еді, ол бүтін бір елді улауға жеткілікті екені белгілі.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. […] ҚАРАҒАНДЫ, 02 сәуір. Қарағандылық жедел уәкілдер құны 24 миллиард теңге болатын ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.  […]

Жауап қалдыру