Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жол белгілері жаңартылуда

Қызылордада жол белгілері жаңартылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің барлық мектептерінде IV оқу тоқсаны басталды. Балалар дәстүрлі түрде оқуға барып, ұстаздарымен қауышты.
Мектепке барған оқушылардың жолдағы қауіпсіздік мәселесі қашан да өзекті.

Осыған байланысты қызылордалық полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің, оның ішінде балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қажетті жұмыстар жүргізіп келеді.

Атап айтсақ, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарға жолданған нұсқамалар негізінде қала орталығының көше-жол тораптарында, оның ішінде мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының алдындағы жол белгілерін қайта жаңартуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру