Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полиция азаматшаға жоғалған құжаттарын тауып берді

Шымкенттік полиция азаматшаға жоғалған құжаттарын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына алғыс келіп түсті. Азаматша жоғалған банк картасын тауып берген тәртіп сақшысына алғыс білдірді.

Жергілікті тұрғын Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына қарасты №18 учаскелік полиция пунктінің полиция қызметкерлерінен төлқұжаты және банк картасын жоғалтып алғаны жөнінде айтып, көмек сұраған. Тәртіп сақшылары оқиға орын алған аумақты қарау барысында азаматшаға тиесілі құжаттарды тауып алған. Осылайша 40 минут шамасында №18 учаскелік полиция пунктінің инспекторы Жасұзақ Керимбеков құжаттарды иесіне қайтарды.

– Полиция қызметкерлеріне құжатарымды тез арада тапқаны және қайтарғаны үшін алғысымды білдіремін. Үлкен рахмет!, – деді азаматша.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру