Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарақшыны құрықтаған елорда тұрғыны мен учаскелік инспектор марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев қарақшыны ұстаған елорданың ержүрек тұрғынын және учаскелік полиция инспекторын марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығының бұйрығымен елорда тұрғыны Қанат Хасенов пен “Байқоңыр” ауданының учаскелік полиция инспекторы Руслан Әбілқайыров бағалы сыйлық – қол сағаттарымен және грамотамен марапатталды.

“Белсенді азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігі үшін елорда тұрғынына алғысымды білдіремін. Полицейлер үшін азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету – қызметтік парыз болып табылатынын атап өткім келеді”, – деді Марат Төлебаев.

Естеріңізге сала кетейік, Ғабдулин көшесінде белгісіз ер адам елорданың 61 жастағы тұрғынына шабуыл жасап, ақша мен құжаттары бар әмиянын тартып алған болатын. Сол сәтте қылмыстың куәгері болған 37 жастағы елорда тұрғыны Қанағат Хасенов бірден тонаушыны қуа жөнелген. Қылмыскерді қуып жетіп, оны жерге жыққан. Осы уақытта өзінің әкімшілік учаскесін аралап жүрген “Байқоңыр” ауданының учаскелік полиция инспекторы Руслан Әбілқайыров күдіктіні ұстаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру