Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарсы бағытқа шыққан: Шымкент полицейлері қауіпті жүргізушіні ұстады

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ барысында Шымкент полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған қауіпті жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

BMW-525 автокөлігін тізгіндеген жас жігіт Рысқұлов – Дулати көшелерінің бойында тоқтатылды. 

Ер адамның құжаттарын тексеру кезінде ол бұған дейін де қарсы бағытқа шыққаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. 

Соған қарамастан 21 жастағы жергілікті тұрғын қайта рөлге отырған. Заң бұзушыға қатысты әкімшілік кодекстің 612-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Айта кетейік, жоғарыда аталған заң бұзушылыққа жол бергені үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру