Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қару”: Ақмолалық полицейлер 300-ден астам қару иелерін тексерді

“Қару”: Ақмолалық полицейлер 300-ден астам қару иелерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 17 мамыр мен 17 маусым аралығында Ақмола облысының аумағында полиция қызметкерлері “Қару” жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.

– “Қару” жоспарлы республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізудің мақсаты жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу және ашу болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жұмыс қаладағы және жалпы елдегі қылмыстық жағдайдың жақсаруына оң әсер етеді, – деді ПД ӘПБ бастығы Аслан Қызбикенов.

Оның айтуынша, жұмыс барысында 300-ден артық полиция қызметкері: криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция және басқа қызметтер күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды.

Мәселен, “Қару” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізудің бірінші күні заңсыз айналымнан бес дана атыс қаруы, оның ішінде төрт дана тегіс ұңғылы қару, бір дана газды қару және үш дана ойық ұңғылы қару патроны алынды. 54 шалғайдағы шаруа қожалықтары мен жайылым учаскелері тексерілді. Азаматтық атыс қаруының иелеріне олардың тұрғылықты жері бойынша 340 тексеру жүргізілді, соның нәтижесінде ҚР ӘҚБК 484-бабы бойынша қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 11 қару иесі және ҚР ӘҚБК 486-бабы бойынша қаруды тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бұзғаны үшін жеті қару иесі жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 2021 жылғы 17 мамырда жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Ақкөл ауданы Наумовка ауылының 34 жастағы тұрғынынан 2020 жылы туысқанынан ауладағы құрылыстарды жинау кезінде тапқан нөмірлік белгілерсіз 16 калибрлі кесілген тегіс ұңғылды мылтық тапқан. Алайда ер адам қаруды полиция бөліміне тапсырмаған. Сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар анықталған бұзушылықтар жойылғанға және айыппұл төленгенге дейін уақытша сақтауға 15 дана тегіс ұңғылы қару алынды.

Ақмола облысының полицейлері мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын еске салады. Егер сізде заңсыз сақталған тіркелмеген қару болса, оны міндетті түрде ішкі істер органдарына тапсыру керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру