Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаруды заңсыз алып жүрген шымкенттік полицияға жеткізілді

Қаруды заңсыз алып жүрген шымкенттік полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 27 қазанында Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ УПИ қызметкері Ернар Қошанов «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Арғынбеков және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында күдік тудырған азаматты тоқтатып, оның жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетуін және жаныңызда алып жүрген заңға қайшы заттар бар жоғын сұраған. Күдікті өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттарын жоқтығын айтып, бір күн бұрын тауып алған қара түсті, қаруға ұқсас заты бар екенін жеткізген.

Өз кезегін полиция қызметкері аталған қаруды тәркілеп, 45 жастағы Түркістан облысының тұрғынын полицияға жеткізді.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігімен (Қару-жарақты заңсыз алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру