Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарызын қайтарғысы келмеген: ақмолалық тұрғын танысын бензин толы бөтелкелермен қорқытты

Ақмола тұрғыны қарызын қайтарғысы келмей, танысын бензин толы бөтелкелермен қорқытты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 ақпанда Зеренді ауданының полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінің 37 жастағы тұрғыны келді. 19 ақпанға қараған түні 35 жастағы ауыл тұрғыны үйінің ауласына бензин құйылған бөтелкелерді тастаған.

Өтініш беруші әйел бұрын бірге жұмыс істеген танысына өткен жылдың желтоқсан айында қарызға ақша берген. Келісімшарт бойынша ер адам ақшаны бір айдан кейін қайтаруы керек еді. Алайда ақшаны уақытында қайтара алмаған. 18 ақпанда өтініш беруші оған қарызын еске салуға барған. Бірақ сындарлы диалог болмаған. Ауызша жанжал туындаған.

19 ақпанға қараған түні күдікті ауылдасын қорқытуды шешіп, үйіне келіп, ауласына бензин толтырылған бірнеше бөтелкені лақтырған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 115-бабымен (Қорқыту) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру