Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

19 жастағы петропавлдық көлік жүргізу құқығынан 8 жылға айырылуы мүмкін

19 жастағы петропавлдық көлік жүргізу құқығынан 8 жылға айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігін нығайту – патрульдік полиция жұмысының басты бағыты. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатысты болғандықтан, жол жүрісі ережесін өрескел бұзу ерекше назарда. Ең қауіптілердің бірі – жаяу жүргіншілерге басымдылық бермеу болып отыр, жыл басынан осындай 68 факті тіркелді. Екі автомобиль жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетсе, 887-і жылдамдықты асырды. Одан бөлек, 348 адам рөлде отырып телефонмен сөйлессе, 834-і қауіпсіздік белдігін тақпаған. Масаң күйде көлік жүргізу ең өзекті мәселе болып отыр. Қаңтардан бері осы бұзушылық үшін 115 жүргізуші ұсталды.

– Масаң күйде көлікті тізгіндейтіндерге қатысты заңнамамен қатаң шаралар қарастырылған: 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру. Медициналық куәландырудан бас тартылған жағдайда, жауапкершілік одан бетер қатаңдатылатынын айта кеткен жөн. Мысалы, 20 ақпанға қараған түні Петропавлда ВАЗ-21099 автомашинасының рөлінде отырған 19 жастағы қала тұрғыны медициналық куәландырудан өту туралы полицейлердің заңды талаптарына көнбеген. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабы 4-бөлігі бойынша материал жинақталып, сотқа жіберілді. Ол қамауға алынуы және 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Жол қозғалысының барлық қатысушыларынан заңнама тәртіптерін қатаң сақтауларын сұраймыз, – дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жыл басынан бері жол жүрісі қағидаларының 7227 бұзушылығы анықталды, бұл былтырғы жылға қарағанда 2 мыңға азайған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру