Қаржылық пирамиданы құру бойынша 6 күдікті ұсталды
Шымкентте Қаржылық пирамиданы құру бойынша алты күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау ауданы Полиция басқармасымен «Evolution Corporation» және «Indigo24» ұйымдарына қатысты ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
2020 жылғы 23 қарашада Шымкент қаласы Мамандандырылған тергеу сотымен алты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.