Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаскелеңде алкоголь сату ережелерін жүйелі түрде бұзған әйел тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қаскелең полицейлері алкоголь сату ережелерін жүйелі түрде бұзған құқық бұзушыны анықтады,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәсіпкер әйел бұған дейін де екі рет алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қаскелең қаласында дүкен жалдаған 42 жастағы жеке кәсіпкерге спирттік ішімдіктерді 21 жасқа толмаған адамдарға және мезгілсіз уақытта сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігі және 3-бөлігі бойынша әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылған.

2019 жылдың 18 қаңтарында оған лицензиясын 1 ай мерзімге тоқтата отырып, 67 340 теңге мөлшеріндегі айыппұл салынған.

Екінші рет  2020 жылдың 15 қыркүйегінде 111 120 теңге көлеміндегі айыппұл салынып,  лицензиясы 1 ай мерзімге тоқтатылған.

Енді оған осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет үшін ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 4-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша неғұрлым ауыр жаза қолданылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру