Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаскүнем тұрмыстық техника дүкенінен таба ұрлаған

Павлодар қаласында ірі тұрмыстық техника дүкенінен таба ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласындағы тұрмыстық техника сататын ірі дүкеннің директоры полицияға жүгініп, сауда залынан табаны жабыспайтын жабыны бар заманауи табаның жоғалғанын хабарлады.

– Бейнебақылау камераларының жазбасын қараған кезде белгісіз ер адамның жанында ешкім болмаған сәтті күтіп, сөреден табаны алып, оны қойнына тыққаны белгілі болды. Одан әрі ол сауда залын асықпай аралап, кейін сатып алу үшін ештеңе таңдамадым деп көрсетіп, кетуге асыққан. Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды,  – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкерлері.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабының 1-бөлігі (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру