Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қауіпсіз жол": Ақтөбе облысында мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Ақтөбе облысында екі күнде мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде Ақтөбе облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың мыңнан астам дерегі анықталды.

Атап айтқанда, полиция қызметкерлерімен: 11 мас күйінде көлік басқару фактісі; 60 қауіпсіздік белдігін тақпау дерегі; 33 жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару фактісі; 14 бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту дерегі; 45 көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану фактісі анықталды.

Аталған құқық бұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының орын алуына себеп болады. Сонымен қатар мамандандырылған айып тұрағына 96 автокөлік қойылды, оның ішінде 22-сі транзиттік мемлекеттік нөмірмен тіркелген.

Еске салсақ, 17-25 мамыр аралығында Ақтөбе облысының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы мәдениетін арттыру мақсатында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда өзара құрмет пен жауапкершілік танытуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру