Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол” ЖААШ: Ақтөбеде масаң күйде көлік басқарған 52 жүргізуші анықталды

Ақтөбелік полицейлер “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы барысында масаң күйде көлік басқарған 52 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде 7-16 маусым аралығында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу, оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін ЖҚЕ сақталуын бақылау.

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасының тоғыз күнінің қорытындысы бойынша ақтөбелік полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың екі мыңнан астам дерегін тіркеді. Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізгені үшін 52 жүргізуші ұсталды, қарсы жолаққа шығудың 50 дерегі анықталды және жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық бермегені үшін 121 жүргізуші әкімшілік тәртіпте жазаланды.

Сондай-ақ, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 106 жүргізуші анықталып, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 168 дерегінің жолын кесті. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 130 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру