«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Республика көлемінде жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 22-24 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның басты мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауы, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ, заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау болып табылады.
Полицейлер профилактика барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерінің сақталуына айрықша назар аударуда.
Рейд барысында көлікті мас күйде басқару, қауіпсіздік белбеуін тақпау, сондай-ақ, жол жүру кезінде ұялы телефонмен сөйлесу сияқты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайлары анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.