Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақ тілін білу – парыз әрі міндет

Маңғыстау облысы Полиция департаментіндегі қызметкерлер арасында жыл сайын мемлекеттік тілді оқыту және білім деңгейлерін арттыру мақсатында қазақ тілі курстары ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл. Ата заңымыздың 7-ші бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» екендігі нақтыланған. Тәуелсіз мемлекетке, қазақ халқының алдына ана тіліне қатысты әлі де заңдастырылған талаптарды жүзеге асыру жөніндегі қауырт жұмыстарды орындау міндеті қойылған. Осыған орай Маңғыстау облысы Полиция департаментінің құрылымдық бөліністер арасындағы өзге ұлт өкілдері қызметкерлерінің арасында жыл сайын мемлекеттік тілді оқыту және білім деңгейлерін арттыру мақсатында қазақ тілін оқыту курстары ұйымдастырылады. Оқыту бағдарламасы бойынша полиция қызметкерлері екі деңгейге бөлінді. Олар бастауыш және жалғастырушы топ болып, тіл саясатын іске асыру бағдарламасы бойынша дәріс алды. Бұл дәрістің мақсаты қызметте іс құжаттарын мемлекеттік тілде сауатты орындау. Биылғы жылы қызметкерлер арасынан мемлекеттік тіл бағдарламасын іске асыру бойынша 2020 жылға арналған қазақ тілі курсына мемлекеттік тілде құжат рәсімдей алмайтын, яғни мемлекеттік тілді толық меңгермеген полиция саласында қызмет атқарып жүрген 50-ге жуық өзге ұлт өкілдерін анықтап оларға қазақ тілі курсын оқыту жүргізілуде. Жыл сайын полиция қызметкерлері мемлекеттік тілден біліктіліктерін арттырып отырады. Бұл курстың мақсаты жүйелі іске асып қазіргі таңда тиімділігін көрсетіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру