Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полициясына 30 жыл: ІІМ басшысы ІІО қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады

Бүгін Қазақстанның тәртіп сақшылары кәсіби мерекелерін – Полиция күнін атап өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

“Құрметті ардагерлер! Қадірменді әріптестер!

Биыл Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына 30 жыл. Бұл – баршамызға ортақ мереке. Қазақстан полициясының даму жолы еліміздің тәуелсіздігімен біте қайнасып келеді. 1992 жылы 23 маусымда алғашқы рет “Ішкі істер органдары туралы” Заңы қабылданды. Бұл – тәртіп сақшысының мақсат-міндеттерін айқындайтын бірінші құқықтық акті. Осыған орай Президент Жарлығымен “23 маусым – Қазақстан полициясы күні” деп ресми түрде бекітілді.

30 жыл ішінде қызметтік міндетін орындау кезінде  көптеген қызметкер ерлік көрсетіп, өкінішке орай, бірқатары қаза тапты. Олардың есімі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Қазақстан полициясының тарихына сіңірген ерен еңбектері үшін ардагерлерімізге ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің халыққа, Отанға деген адал қызметтеріңізге шексіз ризамыз. Жүгі ауыр қызметке түсіністік танытып, қолдау көрсетіп жүрген қызметкерлердің отбасыларына да алғыс білдіремін!

Президент жаңа Қазақстанды дамытудың басты векторы ретінде саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуды, заңдылықты қамтамасыз ету мәселесін басты басымдық ретінде атап өтті. Бұл ретте ішкі істер органдарының рөлі мен маңызы одан әрі арта түсті.

Полиция қызметкерлері – азаматтарға қиын уақытта көмекке келіп, қоғам тыныштығын қамтамасыз ететін билік өкілі. Бұл құқық қорғау күштерін одан да белсенді және мақсатты жұмыс істеуге міндеттейді.

Алдағы уақытта Сіздер азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қызметтік парызды адал атқарады деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін!”, – деді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру