Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті – ІІМ Көші-қон қызметі
ІІМ Көші-қон қызметі Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құрметті қазақстандықтар! Қонақ үйлердің, хостелдердің, пансионаттардың, жатақханалардың иелері! Пәтерлер мен басқа да тұрғын үй-жайлардың иелері, Сіздерге сөз арнаймын!
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы қағидаларының» 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін түсіндіреміз.
Аталған хабарлама шетелдік азамат келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті түрде беріледі.
Осы мерзімді өткізіп алған және көшіп келушінің келуі туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауаптылыққа тартылатынын ескертеміз.
Заңды тұлғалар үшін 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал қайталанған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған, бұл 306 мың теңгеге тең.
Жеке тұлғалар үшін ескерту түріндегі жаза, ал қайталап бұзғаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген.
Шетелдіктің келуі туралы хабарламаны қабылдаушы тарап үш тәсілмен бере алатынын хабарлаймыз.
Бірінші. Жеке және заңды тұлғалар көшіп келушінің келгені туралы электрондық визалық және көші-қон порталы арқылы тікелей хабарлай алады: vmp.gov.kz немесе egov.kz. Ол үшін қазақстандық тарапқа көшіп келушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы және паспорттық деректері жеткілікті.
Екінші әдіс. Қазақстан тарапынан қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарламаны тікелей өз ауданы бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне бере алады.
Үшінші оңай әдіс – Apр Store немесе Play Market-тен e-Qonaq қосымшасын жүктеу. Хабарлама екі қадаммен беріледі. Тіпті, смартфонның камерасының көмегімен төлқұжатын сканерлеу арқылы шетелдіктің төлқұжат деректерін жүктеу мүмкіндігі бар. Хабарламаны авторизациялау және толтыру интуитивті. Бір минут уақыт алады.
Жеке және заңды тұлғалар Заңның осы талаптарын сақтауға міндетті екеніне тағы да назар аударамыз.
Шетелдік қонақтар өздерінің паспорттық деректерін қабылдаушы тарапқа хабарлауы және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тиіс», – деді ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының м.а. Аслан Аталықов.