Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ комитетінің өкілі жамбылдық әріптестерімен кездесті

ҚР ішкі істер министрлігі ҚАЖ комитетінің кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Арман Аубакированың төрағалығымен Жамбыл облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған бағынысты мекемелерде жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Басқосуға аталған департаменттің және оған бағынысты мекемелердің басшы және жеке құрам қызметкерлері арнайы қатысты. Басқосу барысында ҚАЖ қызметкерлерінің моральдық-психологиялық ахуалы және жұмысты жүйелі ұйымдастыру бойынша кеңінен айтылды.

– Елімізде құқық қорғау қызметкерлерінің сапасына, жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына деген қамқорлық мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілгені мәлім. Өйткені тәртіп сақшыларының биік рухы, олардың құқық қорғау органдарындағы қызметін мақтаныш тұтуы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор ықпал етіп жатыр. Осы себепті жеке құрам қызметкерлерінің моральдық-адамгершілік рухын қалыптастыруға арналған тәрбие және идеологиялық жұмыстарға айрықша көңіл бөлген жөн. Қорыта айтқанда, жеке құрамның толыққанды дамуы үшін тәрбие жұмыстарының маңыздылығы күн тәртібіне алғашқылардың бірі екенін естен шығармау қажет, – деді Арман Аубакирова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру