Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ саласындағы ағайынды қос майор

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы ішкі істер саласында қызмет атқарып жүрген полицейлердің жанұялары туралы ақпарат ұсынбақ.Құқық қорғау саласында қызметтің қызығы мен шыжығына шыдап, аянбай еңбек етіп жатқан жастар аз емес. Солардың  бірі –  әділет майорлары Өмірзақ пен Абдулла Сейдахметовтер. Сейдахметовтер отбасындағы екі бірдей ағайынды Өмірзақ пен Абдулла мектеп бітірген сәттен бастап-ақ ішкі істер органында қызмет атқаруды таңдайды. Әкесі Нағашыбек балаларының Ішкі істер саласында жұмысының қиын екенін білсе де, бетін қақпай, бала арманын орындалуына қолдау көрсеткен.

Әкесі Нағашыбек те ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4  мекемесі құрылғалы, осы мекемеде  жүргізуші болып, аянбай, адал қызмет етіп, Қылмыстық-атқару жүйесіне елеулі үлес қосып, қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отыр.

Пробация қызметіне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры Өмірзақ Сейдахметовтың  ҚАЖ саласында жұмыс істегеніне биыл 15 жыл. Осы уақыт аралығында ол өзінің кәсіби маман екенін көрсете білді.

Ал Абдулла Сейдахметов жас болса да әріптестерінің арасында абыройы биік, мерейі үстем қызметкер. Ағалы-інілі ҚАЖ қызметкерлері  “Павлодар заң колледжін” аяқтап, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясын бітірген. Абдулла еңбек жолын 2011жылдан Байқоңыр қалалық инспекциясының инспекторы лауазымынан бастап, кейін ЗК-169/4 мекемесінде жасақ бастығы, кадр саясаты тобының аға инспекторы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда осы мекеменің Бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы лауазымын атқарып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру