Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖД қызметкерлері қарттардың үйін аралады

СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері 100-ден астам зейнеткердің үйін аралап, мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарттар күнін мерекелеуге орай СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Р.Ахметжанов, департамент бастығының орынбасары Д.Харипов, сондай-ақ ЕС-164/1,3,6,8,9 мекемелерінің кадр саясаты бөлімшелерінің қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесінің 100-ден астам зейнеткерін аралады. Жыл сайын зейнеткерлер жас ұрпақтың құттықтауын күтуде. Оларға жеке құрамнан ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Жыл бойы СҚО бойынша ҚАЖД жас буыны зейнеткерлерге барып, олардың тұрмысына көмектесіп, зейнеткерлердің баға жетпес кеңестері мен өмір тарихын тыңдап қайтады.

– Зейнеткерлерге денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр, жақсылық және бейбітшілік тілеймін! Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен даналығы әрқашан жас қызметкерлер үшін негіз болсын!,- деп бөлісті СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру