Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖК төрағасының орынбасары Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ға іссапармен барды

ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары Д.Тайжанов Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 мекемесіне жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыраудағы жұмыс сапарының барысында төраға орынбасары департамент басшылығымен бірге түзеу мекемесінің жалпы өмірімен танысып, сотталғандардың тұрғын үй-жайларын, асхана, өндірістік аймақтарды, медико-санитарлық бөлімін, кітапхана, қысқа және ұзақ мерзімді кездесу бөлімін және түзеу мекемесі жанындағы мектеп пен колледжді аралады.

Арнайы контингенттің өтініштері мен арыздарын беру үшін арналған терминалдардың жұмысын тексеріп, сотталған азаматшаларды жеке сұрақпен қабылдады. Мекеме аумағындағы РМК “Еңбек-Батыс” филиалы, “ЭРТРИ”, “Белый квадрат” ЖШС, “Адай”, “Кәусар”, “АСМА”, “АЯС”, “Алмаз” жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасайтын сотталған азаматшалардың ұсынған әртүрлі бұйымдар жәрмеңкесіне қатысты.

Сонымен қатар түзеу мекемесін аралау барысында қарауыл үй-жайын, бейнебақылау жүйелерін, БӨП өткізу тәртібін және қару-жарақ қоймасы мен арнайы құралдар және арнайы жоспарларын қарап, қызметкерлердің жауынгерлік дайындықтарын тексерді. Мекеменің аумағында орналасқан жылыту қазандықтарының үй-жайын, автотұрақтарды, киім-кешектер мен төсек жабдықтар және азық-түліктер сақтайтын қоймаларды, сондай-ақ әкімшілік ғимаратын аралады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру