Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері мектеп қауіпсіздігі бойынша бірнеше мәселені талқылады

Оқу орындарының қауіпсіздігі – қазіргі заманның өзекті мәселесі. Осы саладағы проблемаларды белгілеу және оларды шешу жолдарын анықтау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері пікірталас алаңын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының базасында облыстық полиция департаменті бөлімшелерінің басшылары СҚО әкімдігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың және жеке күзет құрылымдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың төрағалығымен өтті. Ол қазіргі әлемде туындайтын білім беру объектілеріндегі төтенше оқиғалар біздің елімізге де әсер етіп, өскелең ұрпаққа қауіп төндіретінін атап өтті.

Бүгінгі таңда СҚО-да 572 білім беру нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 466 мектеп бар. Әзірге барлық мекемеде техникалық қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде бейнебақылаумен толық қамту, орталықтандырылған күзет пультіне қосылу және басқа да аспектілер шешілген жоқ. Маңызды мәселе – бірқатар нысандарда мамандандырылған физикалық күзеттің болмауы.

СҚО ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Руслан Данияровтың айтуынша, төтенше жағдайда туындаған қатерге жедел жауап бере алмайтын зейнеткерлік жасқа дейінгі және тіпті зейнеткерлік жастағы адамдар мектептерді күзетуге кірісетін жағдайлар бар.

Сондай-ақ терроризмге қарсы қорғаныс пен өрт қауіпсіздігі, мүдделі қызметтер арасындағы, әсіресе облыс аудандарындағы жедел байланысты қамтамасыз ету және басқа да мәселелер қарастырылды. Құқықтық тәртіп сақшылары атап өткендей, білім беру объектілеріндегі түрлі оқиғалардың алдын алу мемлекеттік және жеке ұйымдардың тығыз өзара іс-қимылымен ортақ күш-жігерді біріктіру арқылы ғана мүмкін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру