Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұрттық полицейлер жоғалған 4 жасар баланы тапты

Қазығұрттық полицейлер жоғалған төрт жасар баланы тауып, анасына жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-нің кезекші бөлімшесіне жергілікті тұрғын әйел келіп, өзінің төрт жастағы баласын жоғалтып алғанын айтып, полицейлерден көмек сұраған. Полицейлер бірден тіркеуге алып, жергілікті ювеналды полиция тобының қызметкерлері тез арада шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары, бүлдіршінді бір сағат ішінде дүкендердің бірінде жүрген жерінен табады. Қазіргі таңда бала өз ата-анасына жеткізілді.

Баласымен қауышқан ана полицейлерге өз рақметін айтты.

– Мен кешкі 4-тер шамасында, баламды ойнауға жіберіп жоғалтып алдым. Баламды іздеп таба алмаған соң полицейлерден көмек сұрадым. Олар маған баламды тауып берді. Ішкі істер қызметкерлеріне мың алғыс! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!, – деп өз алғысын білдірді.


Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға, балаға дұрыс қарау заң алдында жауапкершілігі бар екенін ескертеді. Сонымен қатар әрбір баланың өмірі мен оның қауіпсізді біз үшін маңызды!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру