Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер Алматы қаласының тұрғынынан 47 келіден астам гашиш тәркіледі

Жамбылдық полицейлер Алматы қаласының тұрғынынан 47 келіден астам гашиш тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автожолының 260-шақырымында Алматы қаласының 39 жастағы тұрғынының басқаруындағы “Golf-3” маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Автокөліктің жүксалғышынан ішінде скотчпен оралған қаптары бар екі сөмке табылып, жалпы салмағы 47 кг 850 граммды құрайтын гашиш есірткі заты анықталған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті өз кінәсін мойындап, Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

– Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп мәлімдеді Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру