Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандардың қоғаммен байланысын жақсарту мақсатында онлайн-кездесу өтті

Солтүстік Қазақстан облысының мекемесінде сотталғандар мен Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері онлайн-кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

COVID-19 індетінің таралуының алдын алу ережелерін сақтай отырып, қоғамдық-пайдалы байланыстарды қолдау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы ЕС-164/3 мекемесі РММ ҰСМ өкілдерімен онлайн кездесулер жиі ұйымдастырылады.

Қылмыстық-атқару жүйесінің бейнесін арттыру, қоғамдағы сотталғандардың өзара байланысын жақсарту мақсатында бес сотталған Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдерімен онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Соның барысында сотталғандарға білікті заңнамалық көмек алуға мүмкіндік туды.  Кездесуде сотталғандар жаңа шыққан актілерді қолдану, сондай-ақ жазасын өтеу тәртібі мәселелерін қозғады. Көкейінде жүрген сауалдарды қойып, жауабын алды. Қылмыстық істерді қайта қарау бойынша ауызша түсініктеме берілді.

Кездесу аяқталған соң, сотталғандар берілген мүмкіндік үшін мекеме әкімшілігіне және ҰААТ өкілдеріне алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру