Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр

Алматыда карантинді сақтау мақсатында полиция қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары алматылықтардың карантин режимі кезінде қала ішінде жүруіне рұқсатты тексеріп жатыр. Планшеттермен полиция инспекторлары азаматтардың КВИ-мен күресу жөніндегі Жедел Штабтың бірыңғай тізілімінде болуын немесе болмауын анықтайды.

“Бұл жұмысқа учаскелік полиция инспекторлары қатысады, олар қаланың қоғамдық көліктерінде тексеріс жүргізеді. Әр азаматтың деректері электронды түрде тексеріледі. Ақпарат болмаған жағдайда, шұғыл қажеттіліксіз көшеде болуға қатысты шектеулер туралы ескерту жасаймыз. Біз ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес талаптарды түсіндіреміз. Жергілікті полиция қызметкерлері тек ЖШ тізіліміндегі мәліметтерге сүйенеді. Бұл шаралар карантиндік режим аяқталғанға дейін өткізіледі”, – деді Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру