Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аккумулятор ұрлаған екі күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлады деген күдікпен екі адамды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөлімшесіне бірнеше жергілікті тұрғындар арызданып, түнгі уақытта автокөліктерінің аккумуляторлары ұрланғаны жөнінде хабарлаған. Ұрылар бір жәбірленушінің үйінің алдында тұрған көлігінен аккумулятор ұрлап, 15.000 теңге шығын келтірсе, келесі тұрғынның ауласының қоршалмағанын пайдаланып, көлігіне ұрлыққа түсіп, 16.000 теңге шығын келтірген.

Аталған жайттар ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.​​​​Аудандық полицейлер қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді.

Тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орындары мұқият тексерілді.

Полицейлер куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларын көріп шықты. Жақын аймақтарды аралап шықты. Нәтижесінде полицейлер бір апта ішінде осы қылмысқа қатысты екі күдіктіні ұстады. Олардың екеуі де жұмыссыз жергілікті тұрғындар болып шықты. Біреуі бұрын бірнеше құқық бұзушылықтар жасағаны белгілі болды.​​

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер алдын ала сөз байласып, бөтеннің мүлкін жымқыруға келіседі. Осылай жеңіл жолмен ақша табу мақсатында бір түнде төрт тұрғынның көліктеріндегі аккумуляторды ұрлап, жәбірленушілерге 60 000 теңгеден астам шығын келтіреді. Ұрланған заттарды сатып, ақшасын өз пайдаларына жаратып жіберген.

Полицейлер,аталмыш аккумуляторларды айғақты зат ретіндетәркілеп, заңды иелеріне қайтарды. Күдіктінің екеуі де қамауға алынды. Қазіргі таңда күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.

​​​​​​​​​​Түркістан облысының полицейлері азаматтарға көліктеріңізді ауланың сыртына қоймаңыздар, жалпы қараусыз қалдырмаңыздар.

Автокөліктеріңізге дабыл белгісін орнатыңыздар. Аулаларыңызға бейнебақылау камералары мен дабылқақыш қойғызыңыздар деп ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру