Қоғамдық орында мас күйде болған 210 адам жауапқа тартылды
Шымкентте "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні қорытындыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 26 қазан мен 1 қараша аралығында қала аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның бірінші күнінің нәтижесімен қала аумағында 47 қылмыс тіркеліп, оның 39 ашылған, ашылу пайызы 83% құрады.
Жедел қызмет саласы бойынша:
- бұрын жасалған қылмыстардың ашылғаны - бір;
- іздеуде жүрген қылмыскерлердің біреуі ұсталды;
- "нелегал" тізімінде тұрған бір адам ұсталды;
- тыйым салынған заттарды ұстап жүргені бойынша төрт дәйек анықталды;
- есепте тұрған адамдар тарапынан қойылған шектеулерді бұзудың алты фактісі анықталған, оның ішінде мерзімінен бұрын бостылғандар - төрт, ерекше талаптарды бұзғандар - екі;
- деструктивті діни ағым ұстанатын - 234 адам тексерілген, оның ішінде деструктивті діни ағымды ұстанушы жаңадан бес адам анықталды;
Профилактика саласы бойынша:
Жалпы анықталған әкімшілік құқық бұзушылық саны - 1024.
Оның ішінде:
Қоғамдық қауіпсіздік саласында:
- ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы (ҚР ӘҚБтК 127-бабы) бойынша - бес;
- ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу (ҚР ӘҚБтК 200-бабы) бойынша - төрт;
- ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК 434-бабы) бойынша - 231;
- тыныштықты бұзу (ҚР ӘҚБтК 437-бабы) бойынша - 53;
- қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) бойынша - 210;
- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы (ҚР ӘҚБтК 442-бабы) бойынша - 84;
- қорғау нұсқамасын бұзу (ҚР ӘҚБтК 461-бабы) - төрт;
- әкімшілік қадағалауды бұзу (ҚР ӘҚБтК 480-бабы) бойынша - екі;
- ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) - 113;
- қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау (ҚР ӘҚБтК 593-бабы) - 174;
- жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу (ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабы) бойынша - 113;
- ЖПІШ барысында қабылдап тарату орындарына - 28, ал уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына - 66 азамат жеткізілді.
- Дактилоскопиядан 220 адам өткізілді және барлығы ішкі істер органдарының фото-бейне есебіне алынды.