Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай академиясының курсанттары ШҚО-да мемлекеттік емтихан тапсыруда

Қостанай академиясының курсанттары ШҚО-да мемлекеттік емтихан тапсыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қабырғасында ІІМ басшылығының нұсқауы бойынша Ш. Қабылбаев атындағы ведомстволық оқу орнының түлектері базалық пәндер бойынша мемлекеттік емтихандарды онлайн режимінде тапсыруда.

Емтихан барысында курсанттар оқу орындарында төрт жыл бойы алған білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Жас түлектер үш бағытта білім көрсетуде: әлеуметтік жұмыс, психология және педагогика, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі.

Базалық пәндер бойынша кешенді емтихандар екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде курсанттар компьютерлік тестілеуден сәтті өтті. Екінші кезеңде онлайн режиміндегі бейіндік пәндер бойынша ауызша емтихан тапсыратын болады. Емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін ҚР ІІМ Қостанай Академиясының курсанттары. Ш. Қабылбаева атындағы қызмет өткеру үшін және арнаулы атақ беру үшін аумақтық бөлімшелерге жіберілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру