Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар тұрақты жұмысқа жолдама алды

Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар тұрақты жұмысқа жолдама алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі есепте тұрған 20 жұмыссыз сотталғанды қалалық жұмыспен қамту орталығында өткен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатыстырды.

33 мекеме жұмыс ұсынған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 12 сотталған аймақтағы “Анвар”, “Батыс стой ком”, “ИнтерСтиль”, “Мекен-5 СК”, “Актобе сервис групп” секілді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алды.

– Біз секілді істі болған азаматтар үшін осындай іс-шаралардың пайдасы зор. Жұмыс іздеп мекемелердің табалдырығын тоздырып жүрмейміз, пробация қызметкерлерінің көмегімен өзімізге ыңғайлы жұмыстар тез арада табылады және құжаттарымызды жинақтауға да пробация қызметкерлері көмектеседі. Сол үшін пробация қызметкерлеріне және осындай жәрмеңкені ұйымдастыратын жұмыспен қамту орталығына алғысымыз шексіз, – дейді жәрмеңкеде тұрақты жұмысқа жолдама алған сотталған.

– Жұмыссыздықтың алдын-алу мақсатында қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен жыл басынан бастап өткізілген жәрмеңкенің нәтижесінде, Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 21 жұмыссыз сотталған тұрақты жұмыстарға орналасты, – дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Мадина Мадиханова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру