Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Героин сатқан тараздық қолға түсті

Героин сатқан тараздық қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық “Қарасора-2021” жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының аумағында героин сатқан 31 жастағы тұрғынды ұстады.

– Санкцияланған тінту барысында ер адамның үйіндегі жатын бөлмесінен Тея атты қызметтік ит жалпы салмағы төрт грамм болатын героин тапты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру