Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин облыстың оңтүстік өңіріне барды
Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин облыстың оңтүстік өңіріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин жеке құраммен кездесулерді Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелдин аудандарында жалғастырды. Бірінші кезекте, ол полиция бөлімдерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге назар аударды және «Қадамдық қолжетімділіктегі полиция» қағидатын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
– Полиция жұмысының сервистік моделін дамыту қадамдық қолжетімділікке, бюрократиясыздандыру шеңберінде оңтайлы жұмыс процестерін құруға, материалдық-техникалық жарақтандыруға және ден қоюдың жеделдігін арттыруға, цифрлық технологияларды қолдануға байланысты. Мысалы, биыл 250 млн теңгеден астам 25 автокөлік сатып алу жоспарланған, олардың бірнешеуі оңтүстік өңірлерге жіберіледі, – деп атап өтті облыстық ведомство басшысы.
Жеке құраммен кездесу барысында Ерлан Файзуллин тәртіп пен заңдылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте қызметкерлерді парасаттылыққа тексеру тетігі – «Integrity Check» ерекше рөл атқарады.
– Полицияға жүгінген немесе полиция қызметкері қызмет көрсететін кез-келген азамат тексеруші бола алады. Қысқа мерзім ішінде бұл бастама мықты профилактикалық әсер еткенін ерекше атап өтемін, – деді ол.
Облыстың оңтүстік өңірін аралау барысында департамент бастығы азаматтарды қабылдады және полиция бөлімдерінің жұмысын үйлестіру бойынша нақты тапсырмалар берді.