Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында алаяқтықтың алдын алуға көмектескен такси жүргізушісі марапатталды

Қостанай облысында полицейлер алаяқтықтың алдын алуға көмектескен такси жүргізушісі Серік Нағашыбаевты марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Лисаков қаласының полиция бөлімінде 14 қыркүйекте алаяқтықтың алдын алған такси жүргізушісі Серік Нағашыбаевты марапаттау рәсімі өтті. Осы әрекеттің арқасында полицейлер зейнеткерге 3 миллион теңге қайтарып берді. Ол бұл соманы алаяқтарға апатқа ұшыраған қызына көмек көрсеткендері үшін жібергісі келді.

Салтанатты іс-шарада Серік Нағашыбаевқа ІІМ логотипі бар қол сағаты, сондай-ақ Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллиннің атынан алғыс хат табыс етілді. Іс-шараға Лисаковск қаласының полиция бөлімінің бастығы Қазбек Бисембаев, Лисаков қаласының прокуроры Ермек Шуақпаев, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Алмат Батпанаев қатысты.

– Мұндай әрекет қоғамның құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне белсенді қатыса бастағанын көрсетеді. Бұл – 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті азаматтық қоғаммен қамтамасыз ету тұжырымдамасы жобасының басты қағидаты. Серік Нағашыбаевтың қырағылығының арқасында ауыр қылмыстың, алаяқтық дерегінің алды алынды, – деп атап өтті Лисаков қаласының полиция бөлімінің бастығы Қазбек Бисембаев.

Серік Нағашыбаев кез келген адам бақытсыздыққа тап болған кезде әрқайсымыз шетте қалмауымыз керек екенін атап өтті.

– Әрқашан бір-бірімізге көектесуіміз керек. Сол кезде тәртіп болады. Мұқият болу маңызды. Қиындыққа тап болған қызына заттарды беру керек екенін айтқан зейнеткерді көргенде, бұл мені аландатты, бұл қорқыныш бекер болған жоқ. Заттармен бірге әйел 3 миллион теңге бермек болған. Мүмкін бұл оқиға басқалардың алаяқтардың құрбанына айналмауға көмектеседі, – деп бөлісті қала тұрғыны.

Лисаков қаласының полиция бөлімінде бүгінде тәртіп сақшыларымен бірге жұмыс істейтін 10 ерікті көмекші көмектесіп жатқаны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру