Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында браконьерлер ұсталды

Қостанай облысында браконьерлер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арқалық полицейлері “Охотзоопром” инспекторларымен бірге заңсыз аң аулаған үш күдіктіні ұстады.

16 қыркүйек күні сағат 20.30 шамасында Матросов кентінде полиция қызметкерлері рейд барысында Нива автокөлігін тоқтатты. Салонда 65, 57 және 36 жастағы ер адамдар, жергілікті тұрғындар болған. Көлік құралын тексеру кезінде тіркемеде жабайы қабанның ұшасы табылды.

– Автокөлік салонында тегіс ұңғылы мылтық, 2 аңшылық пышақ және 77 оқ-дәрі табылды. Ер адамдарда аң аулауды жүзеге асыруға рұқсат құжаттары болған жоқ, – деп хабарлады Арқалық қаласының Полиция басқармасы.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы “Заңсыз аңшылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жыл басынан бері өңірде заңсыз аң аулаудың 11 фактісі тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру