Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шуда белгіленбеген орындарда қоқыс тастағандар камера арқылы анықталды

Шуда белгіленбеген орындарда қоқыс тастағандар камера арқылы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық әкімдікпен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп күнделікті рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Мәселен, Шу қаласында қоқысты белгіленбеген орындарда тастаған тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар банк чектері, түбіртіктектер, балаларына тиесілі дәптерлер, сондай-ақ, бейнебақылау камералар арқылы да анықталды. Олар өз кінәсін толық мойындап, тастаған қоқыстарын жинап, құқық бұзушылықтың салдарын жойды. Барлығына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аталған баппен 5 айлық есептік көрсеткіште, яғни 15 315 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген. Егер 1 жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанып жасалынса, 10 АЕК немесе 30 630 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге алып келеді.

Сонымен қатар, тұрғындар арасында құрылыс нысандарының басшыларымен іргелес аумақтарды таза ұстау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру