Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полиция мен прокуратура өкілдері қоғамдық тәртіп бұзушыларды анықтауда

Қостанай облысында полиция мен прокуратура өкілдері қоғамдық тәртіп бұзушыларды анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының орталығында “Қауіпсіз қала” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара Қостанай қаласы Полиция басқармасының бастамасымен қалалық прокуратура өкілдерін тарта отырып, ағымдағы жылдың 29 желтоқсанына дейін жалғасатын болады.

Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу, болдырмау, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау.

Операция барысында учаскелік инспекторлар қалалық прокуратурамен бірлесіп, қоғамдық тәртіпсіздіктің алдын алу және жолын кесу, азық-түлік сауда нысандарында кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік сату фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізуде. Сондай-ақ тәртіп сақшыларының ерекше назары жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың бетін ашуға бағытталатын болады.

Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні 140-тан астам тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 50 адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 90 адам тартылды. Көлікті ішімдік ішкен күйінде басқарудың екі фактісі, жүргізуші құқығынан айырылған мас күйінде көлікті басқарудың бір фактісі анықталды, жаяу жүргіншілердің қозғалысына артықшылық бермегені үшін бес жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ сағат 21:00-ден кейін алкоголь өнімін сатудың екі фактісі анықталды, қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішкені үшін 9 адам жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылдың басынан бері осы тәріздес 77 факті анықталған, 8 дүкен иесі алкоголь өнімін сату лицензиясынан айырылса, 54 факті бойынша лицензия қолданысы тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру