Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысындағы ІІО ардагеріне “ІІМ құрметті ардагері” төсбелгісі табысталды

Қостанай облысындағы ІІО ардагеріне “ІІМ құрметті ардагері” төсбелгісі табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД-да ІІО ардагері Қуаныш Ускинді 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, “ІІМ құрметті ардагері” төсбелгісін табыс етті.

– Ішкі істер органдарында қызметтік борышын адал атқарып, жас ұрпақты тәрбиелеуге белсенді ат салысқаныңыз үшін сізге “ІІМ құрметті ардагері” төсбелгісін тапсыруға рұқсат етіңіз. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отыра, зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз. Әрқашан жақындарыңыздың құрметі мен қамқорлығына бөлене беріңіз, – деп Қостанай облысы ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Өмірбаев ардагерге жылы лебізін жеткізді.

Қуаныш Әлжанұлы ішкі істер органдарында 30 жылдан астам қызмет етті. Оның қызмет жолы қылмыстық іздеумен тығыз байланысты. ІІО-да жұмыс істеген жылдары өзін қылмыстарды ашуда жоғары көрсеткіштерге ие маман ретінде танытты, еңбегі үшін басшылықпен талай марапатталды. 3 дәрежелі “Мінсіз қызметі үшін” медальдарымен, грамоталармен марапатталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру