Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері коммуникация орнату әдістерін үйренді

Қостанай облысы ПД-да полиция бөлімшелеріне арналған семинар-тренинг барысында тәртіп сақшылары коммцникация орнату әдістерін үйреніп жатыр, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөлімшелерінің басшыларына арналған төрт күндік семинар-тренинг Қостанай облысы ПД-да ұйымдастырылып жатыр.

Оны ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің оқытушылары өткізіп жатыр.

Факультет бастығы Ерболат Қайнардың айтуынша, мұндай көшпелі курстар өткен жылдан бастап “мобильді академия” жобасы аясында жүзеге асырыла бастады. Олар бұрын оқу орнының қабырғасында өткен.

Журналистермен, блогерлермен және тұрғындармен байланыс орнату, жұмыстың сервистік моделінің принциптері – семинарда қозғалатын негізгі тақырыптар.

– Полиция қызметкерлерінің азаматтармен күнделікті қарым-қатынасы қазақстандық полицейдің имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қызметтік этикетті сақтау, азаматтарға сыпайы қарау қызмет атқарудың басым және қажетті шарты болып табылады, – деп атап өтті Қайнар Ерболат.

Оқыту курсына 30 полиция қызметкері қатысып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру