Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері Наурыз мерекесін атап өтті

Қостанай облысының полицейлері Наурыз мерекесін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанай облысының полиция департаментінде полиция қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара өтті.

Сахнада әр түрлі этнос өкілдерінің дәстүрлері мен мәдениеті көрерменнің көзайымы болды. Әр қойылым жоғары деңгейде көрсетіліп, Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлттардың әдет-ғұрыптары таныстырылды.


Мерекенің атмосферасын жиналғандар концерт басталмай тұрып сезіне бастады. Кіре берісте адамдар хош иісті шай мен бауырсақтың дәмін татты.

Іс-шараның шымылдығын өткен жылғы байқаудың жеңімпаздары – жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері ашты. Олар театрландырылған қойылымда қазақтың тарихын көрерменге паш етті. Жедел криминалистикалық басқарма арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасымен бірлесіп Әзірбайжан халқының дәстүрлерін көрсетті. 

Жергілікті полиция қызметі өзбек этносын таныстырып, олардың ұлттық өнерін көрсету арқылы жиналғандарға ерекше әсер қалдырды. Әкімшілік полиция басқармасы дәстүрлі ойындармен, билермен және, дәмді тағамдармен татар сабантой рәсімін дайындаған.

Қырғыз халқының үйлену рәсімін тылдық қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері көрсетті. Қаржылық қамтамасыз ету басқармасы экстремизмге қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, тәжік мәдениеті мен үйлену әдет-ғұрыптарын, сондай-ақ ұлттық тағамдарымен таныстырды.


Ақпарат және байланыс басқармасы қызметкерлері бірнеше минутқа сыған ұлтына айналып, әзілмен қазылар алқасы мүшелерінің болашағын болжап берді. Сыған билері мен жарқын әндері залдағы көрермендерді бір қуантты. Штабтың, заң бөлімінің және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері сахнада орыс халқының “Масленица” дәстүрін ұсынды. Тергеу және анықтау басқармасы грузиндік қонақжайлылық дәстүрлерін, сондай-ақ би мен әндерін және ұлттық тағамдарын көрсетті. 

Қостанай қалалық полиция басқармасы қазақтың ұлттық айтыс өнерін, сондай-ақ үйлену, тұсау кесу рәсімдерін көрсетті. Кішкентай баланың тұсауын Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков кесті.

Сөзін қорытындылай келе, Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков әрбір басқарма Қазақстанда тұратын әртүрлі этностарды лайықты түрде таныстырғанын атап өтті. 

– Біздің қызметкерлеріміздің арасында өз ісінің мамандары ғана емес, сонымен қатар ән айтуды, би билеуді және мереке құруды білетін дарынды адамдар да жұмыс істейді. Сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық және жұмыста табыс тілеймін! – деп атап өтті Ерлан Омарбеков. 

Байқау қорытындысы бойынша, қазылар алқасының мүшелері Қостанай облысы ПД жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері бірінші лайықты деп таныды. Штаб, заң бөлімімен және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жедел криминалисткалық басқармасы,арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы екінші орын алды. Қостанай қаласының полиция басқармасы мен ақпарат және байланыс басқармасымен үшінші орынды түйіндеді.Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру