Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері ресейліктен Kinder ішіне тығып қойған есірткіні тәркіледі

Қостанай облысының полиция қызметкерлері “Қайрақ” шекара бекетінде ресейліктен Kinder тәттісіне тығып қойған есірткіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора – 2023” жедел алдын алу шарасы аясында “Қайрақ” автокөлік өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қарабалық аудандық полиция қызметкерлері және Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері ресейліктен есірткі заттарын тәркіледі. Ол марихуананы шекарадан Kinder тосын сыйына салып өткізбек болған.

– Ресейге қарай шекараны кесіп өткен жолаушыны тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті есірткінің иісін сезді. Шетелдік азамат өзімен берге тыйым салынған зат бар екенін мойындап, ішінде үш грамм марихуана болған Kinder тосын сыйын берді, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы)  және ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қостанай облысының полицейлері “Қарасора – 2023” жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері заңсыз айналымнан 10 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру