Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облыстық ПД қызметкері республикалық жоба жүлдегері атанды

Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкері Гүлзат Мұстафина  "Кітап оқитын ұлт" республикалық жобасы аясында "Оқитын мемлекеттік қызметші" номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Команда құрамында өнер көрсеткен ол жоғары дайындық деңгейін танытып, өңір полицейлерінің зияткерлік әлеуетін айқын көрсетті. Нәтижесінде команда жеңімпаздан небәрі бір ұпайға қалып, екінші орынды иеленді.

Аталған жоба қоғамда оқу мәдениетін дамытуға және зияткер ұлт қалыптастыруға бағытталған. Биыл жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен 55 мыңнан астам адам қатысқан.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, мұндай бастамалар қоғамның рухани дамуына серпін беріп, ел болашағына салынған маңызды инвестиция болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру