Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері қаруды заңсыз сақтаудың 3 дерегін анықтады

Қостанай полицейлері қаруды заңсыз сақтаудың 3 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні тыйым салынған заттарды сақтағаны және алып жүргені үшін үш адам ұсталды.

Мәселен, заңсыз сақталған қару Жітіқара, Рудный қалаларында және Қамысты ауданында тәркіленді.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметі бойынша алты қылмыс тіркеліп, оның төртеуі ашылды. Іздеуде жүрген төрт қылмыскер ұсталды.

Сондай-ақ 463 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 101-і елдің көші-қон заңнамасына қатысты. Ал алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 107 адам жауапқа тартылса, мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 15 жүргізуші ұсталды.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Оған мыңнан астам полиция қызметкері қатысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру