Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда есірткі жарнамаларын жою бойынша кезекті акция өтті

Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еріктілермен және облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілдерімен бірге есірткі жарнамасы бар суреттер мен граффити жазбаларды үстінен бояу бойынша кезекті акцияны өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше сағат ішінде осындай 65 жазба және 100-ден астам граффити боялды. Облыстық ПД ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі Айгүл Ерадилованың айтуынша, акция ауқымды болды, оны өңірдің қалалары мен аудандары да қолдады.

– Облыс орталығында бұл биыл өткізілген екінші акция. Қала тұрғындарының көмегімен белсенді жұмыстар жүргізілуде. Біздің азаматтар бұл мәселеге бей-жай қарамайды. Біз мұндай жазулар туралы хабарламаларды көп аламыз, – деді ол.

“Қостанайдың жас көшбасшылары” ҚҚ басшысы Гүлсім Бисембаева атап өткендей, есірткінің таралу проблемасын күш біріктіре отырып, бірлесіп шешуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру