Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда патрульдік полицейлер жүрек талмасына ұшыраған зейнеткерге алғашқы медициналық көмек көрсетті

Қостанайда патрульдік полицейлер жүрек талмасына ұшыраған зейнеткерге алғашқы медициналық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарт адам Алтынсарин көшесінде автобус күтіп тұрған. Бір сәтте ол өзін нашар сезіне бастаған. Жүрегінен ұстап, жолдың жүріс бөлігіне шыққан.

Жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлері Мұрат Иманбаев пен Серік Жонқабаев зейнеткердің жанына жүгіріп келген. Ер адам тұншығып, “жүрегім, жүрегім” деп әрең айтқан. Қызметкерлер оны қызметтік көлікке отырғызып, жедел жәрдем шақырды.

Жедел жәрдем келгенге дейін біз дәріханадан зейнеткер үйде қалдырған дәрі-дәрмектерді сатып алдық. Ол өз-өзіне келген кезде бізге мұғалім болып жұмыс істегенін, қазір зейнеткерлікке шыққанын және жүрегінде ақау бар екенін айтты, – деп бөлісті Мұрат Иманбаев.

Келген дәрігерлер ер адамды тексеріп, онда инсульт болуы мүмкін екенін айтты. Алдағы уақытта дәрігердің бақылауында болуы керек деп кеңес берді.

Ер адам полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру