Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

Қостанай тұрғыны Ольга Миронюк полицейлерге отбасын өрттен құтқарғаны үшін алғыс айтты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 23 ақпанда облыс орталығының Амангелді көшесінде орын алды.  Жеке үй өртенді. Үй тұрғындары өртті сөндірмек болып өз бетінше әрекет еткен.  Хабарлама алған соң, 2 минут ішінде полиция қызметкерлері Дүйсенбай Қоянбаев пен Қайрат Карбозов құрамында болған автопатрульді оқиға орнына бірінші болып келді. Қызметкерлер жедел жәрдем мен өрт сөндірушілерді шақырды. Полиция қызметкерлері терезеден түтін шығып жатқандығын көріп, тұрғындарды құтқару үшін жедел шара қолданды.

Көршілердің айтуынша, тұрғын үйде бес адамнан тұратын отбасы болған. Шет бөлмеде қарт науқас әйел дәрісін іздеп, қорыққаннан шығатын есікті таба алмаған. Д. Қоянбаев зейнеткерге дәрі-дәрмегін тауып беріп, далаға алып шықты.

– Өрт басталған кезден біз заттар мен құжаттарды тез жинай бастадық. Біраз уақыттан соң түтін салдарынан тұншығып, демала алмай қиналдық.Өрт бүкіл үйді шарпи бастағанда,полиция қызметкерлері үйге жүгіріп көргенін байқадым. Міне,солар бізді құтқарды,-деп зейнеткердің немересі мән-жайды баяндады.

Қостанай облысы ПД бастығы Бекет Аймағамбетовтың атына Ольга Миронюк алғыс хат жазды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру