Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлік жүргізушісіне 5 әкімшілік хаттама толтырылды

Ағымдағы жылдың 9-10 ақпанына қараған түні Шымкент қалалық патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына жол ережесін өрескелі бұзған «LADA 21703» маркалы көлік жүргізушісі ілікті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, полиция қызметкерлерінің тоқтау салған заңды талабын елемей, көзден таса болуға тырысқан. Ақыр соңы патрульдік полицияның 4 экипажы жүру бағытын бұғаттап, жүргізуші ұсталды. Құжаттарды тексеру кезінде көлік басқарушы адам мен ішіндегі жолаушылар қызметкерлерге қарсылық танытқан. Көлік иесі медициналық тексеруден кейін, уақытша бейімделу және детоксикация орталығына жеткізілді. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚК-нің келесі баптары бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды: 613-баптың 1-бөлігі (Көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау), 608-баптың 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, 612-баптың 1-бөлігі (Өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына арналған уақытша куәлiгi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы), 230-баптың 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы), 593-баптың 2-бөлігі (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру