Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте алтын бұйымдарды ұрлаған әйел ұсталды

Шымкентте алтын бұйымдарды ұрлаған 57 жастағы әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының “102” арнасы арқылы 30 жастағы тұрғын шағымданған. Ол өз арызында, таңғы сағат 10:37 шамасында жалдамалы пәтеріндегі жеке сөресінде тұрған, жалпы құны 800 мың теңгеге бағаланған алтын бұйымдарын белгісіз тұлға жасырын түрде ұрлап кеткенін жазған. Сондай-ақ, бұл үйге өзімен оқиға орын алған күні ешқандай бөтен адам келмегенін, тек осы пәтерді бірге жалдап тұратын азаматтардың болғанын айтқан.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК–нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеуге алынды.

Полиция қызметкерлері хабарламаны алған бойда, күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті жердің 57 жастағы тұрғыны анықталып, тәулік ішінде қала аумағында қолға түсті.

Қазіргі кезде келтірілген шығын толығымен өтелді. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматшаның басқа да осы тектес жайттарға қатыстылығын анықтап жатыр. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру